Қазақстанда жаздың үш айында 177 адам суға кетті

Сурет: Zakon.kz
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі кезекті шомылу маусымының қорытындысын жариялады. Ресми түрде суға түсу маусымы 3 айға созылады: 1 маусымнан 31 тамызға дейін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Суға шомылу маусымы басталмас бұрын және оны өту кезінде тұрғындармен судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша ақпараттық-профилактикалық жұмыс істелді. Барлық жерде жүргізілген жұмысқа қарамастан, жаздың үш айында 177 адам, оның ішінде 53 кәмелетке толмағандар суға батып кетті.

Салыстыру үшін: өткен 2022 жылғы шомылу маусымында 184 адам суға батып кетті (-4%), соның ішінде 62 кәмелетке толмағандар (-15%).

"Суға батқандардың 98%-ы жабдықталмаған жағажайларда суда шомылған. Судағы өлімнің негізгі себептері – өз күшін асыра бағалау, мас күйінде суға түсу, жүзе алмау. Ал балалардың суға батуының басты себебі – оларды ересектердің қараусыз қалдыруы. Жаз мезгілінде Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары судан 136 адамды, оның ішінде 51 баланы құтқарды", - делінген хабарламада.

Жалпы республика бойынша суда жаппай демалуға рұқсат етілген 612 орын бар. 4285 орын суға түсуге қауіпті деп танылып, тыйым салынған орындар тізіміне енгізілген. Тыйым салынған және рұқсат етілген шомылу аймақтары туралы деректер 2GIS платформасында бар.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

6 қыркүйекте қай өңірлерде ауа райы байланысты ескерту жасалды

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді