Экологтар Маңғыстау облысындағы топырақты мұнай қалдығынан тазартуды талап етіп жатыр

Сурет: видеодан скриншот
Маңғыстау облысының топырағында мұнай өндіргенде шыққан екі миллион тоннаға жуық қалдық қалды. Экологтар оны тазалау керек деп талап етіп отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірде жұмыс істейтін мұнай компаниялары кен орындарын игергеннен кейін қалған қалдығын тазалауға міндетті. Бүгінде Маңғыстау облысы жерінде екі миллионға жуық мұнай қойыртпағы жиналған.

Ластанған жерлерді тазартуға 13 млрд теңге бөлінген. Барлық жұмыс мұнай өндіруші кәсіпорындар есебінен жүргізіледі. Бұл туралы AstanaTV хабарлады.

Экологтар мұнай өндірісінің қалдығын осылай көму қоршаған ортаға зиянын тигізетінін айтты.

"Олардың әсері желдің көмегімен тарайды, жер асты суларына түседі, сондықтан тазалау шараларын жүргізуді талап етеміз", - дейді Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің басшысы Руслан Төкенов.

Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысының экология департаментінің мамандары облыстағы балық жаппай қырылған екі су қоймасын зерттеген еді.

Қазақстан
Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін