АҚШ-та актер қыз зорлағаны үшін 30 жылға сотталды

Сурет: pexels
"70-жылдар шоуының" жұлдызы Дэнни Мастерсон екі әйелді зорлағаны үшін 30 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Лос-Анджелес Жоғарғы сотының судьясы Чарлейн Ф.Ольмедо 47 жастағы Мастерсонға қатысты үкімді әйелдердің басынан өткерген жарақаты мен азабы туралы айғақтарын тыңдағаннан кейін шығарды, деп хабарлайды The Guardian.

Мамыр айында алқабилер алқасы Мастерсонды екі зорлау фактісі бойынша кінәлі деп тапқаннан кейін шығарылды. Сот барысында прокурорлар Саентология шіркеуінің көрнекті қайраткері Мастерсон жауапкершіліктен құтылу үшін шіркеудегі рөлін пайдаланды деп мәлімдеді.

Екі әйел айтқан айғақтар Мастерсонның сотталуына әкеліп соқтырды. Екі әйел әуелі оларға естен тандыратын сусын беріп, кейін зорлағанын айтты.

Прокурорлар Мастерсон өзінің атағын сақтап қалу үшін сол кезде үш әйел де мүше болған Саентология шіркеуін пайдаланды деп мәлімдеді. Оның екі айыптаушысы шіркеу оларды жылдар бойы құқық қорғау органдарына барудан бас тартқызғанын айтты.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек