Ресейде психикалық дертке шалдыққан жасөспірім мектепте төрт адамды пышақтап тастады

Сурет: pxhere
Ресей Федерациясының Ростов облысында 15 жастағы жасөспірім 4 адамды пышақпен жарақаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Известия" басылымының жазуынша, оқиға 11 қыркүйек күні таңертең Ресей Федерациясының Ростов облысындағы "Красный десант" ауылында болған. Қолында пышағы бар жасөспірім мектепке кірмек болып талпынған кезде ұсталды. Төрт ересек адам жеңіл жарақат алды, бірақ балалар зардап шеккен жоқ.

"Пышақпен қаруланып, бетіне маска киген 15 жастағы жасөспірім мектепке кірмек болып, төрт ересек адамды: үш қызметкер мен оқушылардың бірінің туысын жаралады", - деді Ростов облысының губернаторы Василий Голубев.

Шабуыл жасаған адам тоғызыншы сынып оқушысы болып шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, ол психикалық детрке шалдыққан.

Дәл осындай оқиға өткен қыста Петропавлда болды. Тоғызыншы сынып оқушысы сыныпқа балта мен пышақ алып барып, үш баланы жарақаттады.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін