Жүргізушілердің айтуынша, бүгіннен бастап қызмет такси жүргізушілеріне қойылатын шарттарды өзгерткен. Осылайша 50 сапарға кепілдік берілген бону қолданбадан жойылған және шағын тапсырыстар үшін қашықтық диапазоны өзгертілген.
"Бұрынғы шарттар өзімізге қайтарылғанын қалаймыз. Біріншіден, бізге 50 жол жүру үшін бонус қажет. Екіншіден, алыс қашыққа сапарларды есептеу алгоритмін 2,5 шақырымнан 1,8 шақырымға дейін өзгерту керек. Тапсырыстың ең төменгі сомасын 220 теңгеден 350 теңгеге дейін көтеруіміз керек. Біз қазірдің өзінде электрсамокаттарынан арзан жұмыс істеп жатырмыз, ұят", - дейді жиналғандар.
Наразылық акциясына 50-ге жуық жүргізуші шықты. Олар Яндекс.Таксиден қойған талабын толық орындалуын талап етіп отыр. Ал таңертең Талдықорғанда тасымалдаушылар тапшылығы байқалды. Яндекс - жүргізушілер үшін де, жолаушылар үшін де басты платформалардың бірі.
Қызмет өкілдері жүргізушілердің шағымына әлі жауап берген жоқ.