Жезқазғандық жігіт жоқ пәтерлерді жалға беріп, түскен ақшаны бәске тіккен

Сурет: Zakon.kz
Ер адам полицейлер ұстағанға дейін Қарағандының үш тұрғынын алдап үлгерген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алаяқтық жасаған күдіктіні криминалдық полиция басқармасы мен CyberPol арнайы бөлімшесінің қызметкерлері ұстады, деп мәдімдеді Қарағанды ​​облысының полиция департаменті. Тергеушілердің айтуынша, ер адам жоқ пәтерлерді жалға беріп отырған.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Қарағандының үш тұрғыны құқық қорғау органдарына алаяқтық жасады деген шағыммен хабарласқан. Олар сайттардың бірінен жылжымайтын мүлікті жалға беру туралы хабарландыруларды көріп, "үй иесіне" алдын ала төлем ретінде 5 мыңнан 10 мың теңгеге дейін ақша жібергенін айтқан. Көрсетілген мекенжайларға барғанда ғана олар алаяққа алданып, сан соғып қалғанын ұққан.


Күдікті Жезқазған қаласында ұсталды. Ол 23 жастағы жігіт болып шықты. Күдікті  қылмысын мойындап, алданған азаматтардан алған ақшаны букмекерлік кеңселерде бәс тігуге жұмсағанын айтқан, қазір  Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады