"Министр Жамаубаев ұсталды" деген жалған ақпарат қазақстандықтарды алаңдатып қойды

Сурет: pixabay
Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде "ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевты полицейлер ұстап жатыр" деген фотоларды белсенді түрде таратып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Stopfake.kz сайтының мәліметінше, фотоның астында "Министрді Қазақстан банкі сотқа берді" деген мақалаға сілтеме бар.

Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі министрге қарсы сот ісі туралы ақпарат пен оның ұсталған фотосы жалған екенін мәлімдеді.

"Интернет желісінде қоғамдық тәртіпті бұзатын, сонымен қатар азаматтардың құқығы мен заңды мүддесіне, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүддесіне зиян келтіретін жағдайлар жасауға бағытталған сенімсіз, көрінеу жалған ақпарат таратылып жатыр".ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі

Қаржы министрлігі бұл заңсыз әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын түсіндірді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды