Антикор: "Азық-түлік корпорациясы" АҚ басшылары ұсталды

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Азық-түлік келісім-шарттық корпорациясы" ҰК" АҚ-ның өңірлік филиалдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының бірқатар басшысының жемқорлық әрекетін ашты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 18 қыркүйек күні таратқан мәліметіне сүйенсек, астық ұрлау фактілерін жасыру үшін пара беру әрекеті кезінде астық базаларының бұрынғы директоры мен оның көмекшілері әшкереленді. Қазіргі уақытта күдіктілер соттың санкциясымен қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Ал Астана қаласында қаржы департаментінің директоры мен "Азық-түлік корпорациясы" АҚ бас менеджеріне қатысты тергеу аяқталды. Тергеу барысында олар бидай түрінде тауарлық несие бергені үшін коммерциялық ұйым басшысынан 800 мың теңге сомасында пара алғаны анықталды. Айыпталушылар сотқа тартылды.

Арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары кешенінің нәтижелері бойынша "Азық-түлік корпорациясы" АҚ Қостанай облыстық өкілдігінің директоры әшкереленді. Ол ЖШС өкілінен 100 мың тонна бидай көлемінде тауарлық несие алу мәселесін оң және кедергісіз шешкені үшін 350 мың теңге сомасында пара алды деп күдіктелуде. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.


Қазақстан
Антикор

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Қазақстанда МӘМС жүйесіндегі миллиардтаған теңгенің алаяқтық схемалары әшкереленді

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды