Дәрігерлерді аяусыз ұрып-соғу: Талғар ауруханасынан мәйітті әкету сәті видеоға түсіп қалды

Сурет: видеодан скриншот
Бір күн бұрын, 19 қыркүйекте Талғар аудандық орталық ауруханасында реаниматолог пен медицина қызметкері аяусыз соққыға жығылды. Күдіктілер қазірдің өзінде ұсталды. Дегенмен қазнетте аурухана маңында түсірілген жаңа видео пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Марқұмның денесі ұрланған сәт түсірілген видео Instagram-дағы kris_p_talgar парақшасында жарияланған.

Марқұмның денесін ауруханадан шығаруға көмектескен адам видеода "Тірі адамды өлтірдің!" – деп бар күшімен айқайлағаны байқалады.

Видеоның астына түрлі пікір жазылып жатыр. Азамат аудандық орталық ауруханаға қатысты жантүршігерлік оқиғасын айтқан соң оған Талғар тұрғындары да қосылды:

Алматы облыстық прокуратурасы оқиғаға жауап беріп, былай деп мәлімдеді:

"Бұл мәселе Талғар ауданының прокуратурасына тапсырылды. Жұмыс нәтижесі туралы қосымша хабарлаймыз", - делінген хабарламада.

19 қыркүйекте Алматы облысында дәрігерлерге шабуыл болды: Талғар орталық аудандық ауруханасында қайтыс болған науқастың ұлдары реаниматолог пен медбикені қатты соққыға жыққан, олар ауыр жарақат алған. Олардың жағдайы ауыр деп бағалануда. Шабуылдан кейін ұлдары әкесінің денесін ұрлап кеткен, бірақ полиция оны қайтаруға көмектескен.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Талғар орталық аудандық ауруханасында дәрігер-реаниматолог пен медбикенің аяусыз соққыға жығылуын жантүршігерлік оқиға деп атап, кінәлілерді жазалау керектігін де мәлімдеді.

Қыркүйектің 20-сы күні полицейлер Талғар орталық аудандық ауруханасында дәрігер мен медбикені аяусыз ұрды деген күдікпен екі ер адамды ұстады.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты