Оңтүстік Кореяда қазақстандық жігіт 18-қабаттан құлап кетті

Сурет: pixabay
Оңтүстік Кореяның Жұмыспен қамту және еңбек министрлігі мен полициясы 47 жастағы қазақстандық жұмысшының өліміне қатысты тергеуді бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияның мәліметінше, қайғылы жағдай 21 қыркүйек күні таңғы сағат 8:25 шамасында болған. Қазақстан азаматы сырлау жұмыстары жүргізілгелі жатқан тұрғын үй кешенінің төбесіне қорғаныс тіректерін орнату кезінде 18-қабаттан құлап кетті, деп жазды Nocut News.

Құлап кеткен қазақстандық азамат бірден ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның қаза болғанын анықтады.

Ол заңсыз жұмыс істеген болуы мүмкін екені айтылып жатыр, сондықтан жұмыс беруші жазаға тартылмайды.

Еңбек министрлігі еңбек қауіпсіздігінің бұзылған-бұзылмағанын анықтап жатса,  полиция жұмыс орнында кісі өлтіру фактісі болған-болмағанын тексеріп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды