Астана тұрғындары АҚШ-тан есірткі алып, оны сатпақ болғаны үшін сотталды

Сурет: Zakon.kz
Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, екі астаналық АҚШ-тан сәлемдеме арқылы алған есірткіні сатпақ болғаны үшін 7 және 8 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Елордада "бақыланатын жеткізу" жедел іздестіру іс-шаралары барысында АҚШ-тан хат келіп түскен Астана қаласының тұрғындары ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардан аса ірі мөлшердегі "марихуана" есірткі заты табылып, тәркіленді. ", - делінген агенттік хабарламасында.

Сонымен қатар бұл тұлғалар есірткі заттарының жарнамасын орналастырып, оны Telegram арқылы сатуды жоспарлағанын айтты.

"Сот үкімімен екі кінәлі адам 7 жыл 8 жыл 4 айға бас бостандығынан айырылды".ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Сонымен қатар Қаржы мониторингі агенттігі қызметкерлері ата-аналарды баласының мінез-құлқына, денсаулығына, сонымен бірге әлеуметтік желілердегі парақшалары, әрекеттері мен не сатып алып жатқанына назар аударуға шақырды.

Тыйым салынған сәлемдеме 2023 жылдың мамырында белгілі болды. Одан кейін олардың АҚШ-тан Алматыға ойыншық қорапқа салып есірткі әкелмек болғаны хабарланды. Сәлемдемені Астана қаласының тұрғыны қабылдап, одан әрі орау үшін басқа азаматқа тапсырған.

АҚШ
Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бірыңғай QR-код арқылы төлем жасағанда комиссияны кім төлейді – банк пе, сатушы ма, әлде сатып алушы ма

Қазақстанда әскери есепке алу ережелері өзгерді

ҰТО "грантқа түсіреміз" деген хабарламаларға қатысты ескерту жасады

Қазақстанда қайтадан +42°С ыстық болады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді