Маңғыстау облысында жалған доллар сатылған

Сурет: pexels
Қаржылық мониторинг агенттігі Маңғыстау облысында жалған доллар сатумен айналысқандардың әрекетін әшкереледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Агенттіктің баспасөз қызметінің 25 қыркүйек күні таратқан мәліметі бойынша, Маңғыстау облысында номиналы 50 АҚШ доллары болатын жалған ақша купюраларын сатумен айналысқан ер адам ұсталды.

"Агенттік қызметкерлерінің бақылауымен жүргізілген сатып алу барысында жасанды ақша сату фактісі анықталып, жалпы сомасы 3850 доллар болатын жалған валюта тәркіленді. Күдіктіге қатысты "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды".ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта заңсыз әрекетке өзге де тұлғалардың қатысы бар-жоғын анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүріп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев