Екібастұзда әкімдікті екі рет "жармақ болған" тұрғын үш жылға сотталып кетті

Сурет: freepik
Екібастұздың тұрғыны бұған дейін де әкімдікке "жарылғыш зат қойылғанын" хабарлаған, бұл жолы ол қомақты айыппұл арқалап, үш жылға сотталып кете барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

29 қыркүйекте Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Екібастұз қаласының тұрғыны лаңкестік актісі туралы бірнеше рет жалған мәлімдеме жасағаны үшін түрмеге қамалды. Ер адам алғаш рет жарылғыш зат қойылғанын 2019 жылы хабарлаған, бұл қылмысы үшін ол екі жарым жыл бас бостандығын шектеу жазасын алды. Ол жазаны өтеу шарттарын бұзғаны үшін осы мерзімнің бір жылдан астамын колонияда өткізген.

Бірақ ол бостандыққа шыққаннан кейін де дәл осындай қылмысқа барған. 2022 жылдың аяғында ол полицияға қайта хабарласып, әкімдік ғимаратына жарылғыш зат қойылғанын айтқан.

"Техниктер ғимараттан жарылғыш немесе күмән тудыратын зат таппады. Қажетті іс-шаралар кешенінің нәтижесінде "жалған террорист" ұсталды. Ол кінәсін мойындап, мұндай қадамға туыстарымен ұрсысып қалғандықтан барғанын айтты", – деді облыстық полиция департаментінің өкілдері.

Істі қарау қорытындысы бойынша Екібастұз қалалық соты ер адамды үш жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ ол 200 мың теңгеден астам материалдық шығын сомасын төлеп, сот шығындарын өтеуге тиіс.
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін