Атыраудан Алматыға келген алты жасар спортшы бала қаза тапты – БАҚ

Сурет: freepik
Алматыға грэпплинг жарысына Атыраудан келген алты жасар спортшы бала белгісіз жағдайда опат болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Atpress.kz мәліметінше, қайғылы оқиға 30 қыркүйекте түстен кейін болған.

Басылымның бейресми ақпараты бойынша, Атыраудағы жекеменшік спорт клубының жаттықтырушысы  бір топ баламен грэпплингтен өтетін халықаралық турнирге қатысу үшін Алматыға келген. 

"Бүгін таңертең, 30 қыркүйекте "Байқоңыр" спорт клубының жаттықтырушысы 12-14 жастағы жасөспірімдерді жарысқа алып кеткен. Атыраулық спортшылардың тұрғылықты жерінде бір топ бала қалған. Олардың бесеуі дүкенге барып келуге сұранған, олардың арасында алты жасар И. Ж-да болды. Ол жазатайым оқиғаға ұшырап, қайтыс болды", - деп жазады басылым.

Zakon.kz редакциясы аталған қайғылы оқиғаға байланысты Алматы қаласы полиция департаменті сауал жолдап қойды. 

Атырау
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Димаш Құдайбергенді Чилиде жанкүйерлері ерекше ықыласпен қарсы алды

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады