Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы ауқымды операция жүргізді

Сурет: ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі
Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері бірден еліміздің бірнеше облысында ауқымды арнайы операция жүргізді. Бұл жөнінде 2023 жылғы 6 қазанда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми өкілі Аркен Абдуғали мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, 2023 жылғы 5 қазанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен бірлесе және Бас прокуратураның үйлестіруімен бір мезгілде Жетісу, Жамбыл және Түркістан облыстарында арнайы операция жүргізді.

"Нәтижесінде қару мен есірткіні заңсыз сақтауға, бопсалауға, заңсыз көші-қон арналарын ұйымдастыруға және өзге де ауыр қылмыстар жасауға күдікті топтардың 72 мүшесі тергеу амалдарын жүргізу үшін жеткізілді. Топтар өз әрекеттерін Қытаймен ("Қорғас" ХШЫО), Өзбекстанмен ("Жібек жолы" өткізу пункті) және Қырғызстанмен ("Қордай автомобильдік" өткізу пункті) шекаралас учаскелерде жүзеге асырған", деді Аркен Абдуғали.

ҰҚК ресми өкілінің нақтылауынша, тінту барысында атыс қаруы оқ-дәрілерімен, ірі ақша қаражаттары, есірткі, сондай-ақ өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Сурет: ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі

"Тергеу іс-шаралары жүргізілуде", – деп атап өтті Аркен Абдуғали.


Қазақстан
ҰҚК

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс