Түркістан облысында пациенттердің бірі рентгенолог-дәрігерге пышақпен тап берді

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Түркістан облысында жеке клиникада емделушілердің бірі дәрігерге пышақ жарақатын салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістан облысы полиция департаментінің 12 қазан күні хабарлауынша, Сайрам ауданының Ақсукент кентіндегі жеке клиникада пациенттердің бірі ультрадыбыстық кабинетте кезекте тұрғанда жанжал шығарып, рентгенолог-дәрігерге пышақ жарақатын салды. 

"Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы дереу шықты. ҚР ҚК 106-бабының 2-бөлігі "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды",  – делінген полиция департаменті таратқан хабарламада.

Полиция күдікті ретінде ауданның 27 жастағы тұрғынын ұстады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ведомство өкілдері болған жайттың мән-жайы анықталып жатқанын мәлімдеді.

2023 жылғы 10 қазанда туристік компания кеңсесінде жан түршігерлік оқиға болды. Виза ала алмаған клиент компания қызметкерінің басына қайшы тығып алды.

Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Қазақстан балмұздақ өндіруден рекорд орнатты