Қостанайда балабақшада өрт шығып, 121 бала эвакуацияланды

Сурет: Қостанай облысы ТЖД
Қостанайда 16 қазан күні түс ауа №4 бөбекжайда өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бірінші қабаттағы музыка кабинетінде ағаш және қағаздан жасалған сахналық бұйымдар, терезенің ағаш жақтауы және кеңсе жабдықтары өртенген. Аспалы төбе де еріп кетті. Өрт 10 шаршы метр аумақты шарпыған.

Сурет: Қостанай облысы ТЖД

"121 бала мен 14 ересек адам эвакуацияланды. Құтқарушылар келгенге дейін 18 қызметкер мен 30 баладан өз бетімен сыртқа шыққан", – делінген хабарламада.

Сурет: Қостанай облысы ТЖД

Ведомствоның мәліметінше, өрт сөндірілді. Балалардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ және медициналық көмекке мұқтаж емес.


Өртті сөндіруге 41 адам мен 8 техника жұмылдырылды.

Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы мемлекеттік сатып алудың жаңа ережелері: нені білу маңызды

Google, Apple, Netflix: Шетелдік интернет компаниялар бір жылда елімізге 35 млрд теңге салық төледі

"Қар, көктайғақ, тұман". Сейсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Лудомания – қоғамды жайлаған қауіпті індет

Елімізде баспана бағасы 4 пайызға қымбаттады