Суицид, кісі тонау және ұрлық: несиесін төлей алмаған қазақстандықтар қандай қылмысқа барып жатыр

Сурет: pixabay
2023 жылы Қазақстанда несиесін төлей алмаған 12 адам өз-өзіне қол жұмсады. Бұл деректі 20 қазан күні Мәжілісте өткен үкімет сағатында Ішкі істер министрлігі басшысының орынбасары Игорь Лепеха айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Игорь Лепеханың сөзінше, шамадан тыс қарыз түбі көбіне ауыр зардаптарға әкеп соғады: несиесін өтей алмаған қарыз алушылар қылмысқа барып, кейде тіпті өз өмірін қиып жатады.

"2023 жылы қарызға белшесінен батқан 12 азамат өз-өзіне қол жұмсады (Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Қостанай және Павлодар облыстарында) Қыркүйек айының аяғында осы фактілердің бірі БАҚ-та (Алматы тұрғынының суицид жасауы) кеңінен жарияланды". Игорь Лепеха

Қарызға батқан тағы 40 қазақстандық несиесін өтеуге қажет ақшаны қылмыстық жолмен табуға әрекеттенген. Несиені өтеуге қаржы табу мақсатында олар қарақшылық шабуыл жасап, кісі тонаған, ұрлық жасаған.

"Бұл әрекеттер оларды ешбір ақтамайды. Олар заң талабы бойынша жауап береді. Бірақ әркім бұл жөнінде жақсылап ойлануы керек", – деді Игорь Лепеха.

2023 жылғы 13 қазан күні Жетісу өңіріндегі банктердің бірінде несиесін төлей алмаған зейнеткер өз-өзіне қол жұмсамақ болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін