Боралдайды қою түтін басты

Алматы облысында 24 қазан күні электр қалқандарын шығаратын цех өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сағат 10:14-те кезекші бөлімге Іле ауданы, Боралдай ауылында орналасқан цех аумағынан өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.
"Каз Билдинг-Сервис" ЖШС аумағында электр қалқандарын шығаратын цехта, орамадағы мыс электр кабельдері мен өндірістік жабдықтар өртенді, өрт 290 шаршы метр аумақты шарпыды", - деп мәлімдеді Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті.

Өрт сағат 11:30-да сөндірілді. Ведомствоның мәліметінше, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрттің шығу себебін Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің Өртке қарсы ғылыми-зерттеу зертханасының және Тергеу басқармасының қызметкерлері анықтайды.

Алматы облысы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: