Қазақстан билігі OLX компаниясымен есірткі курьерлерін жалдау хабарламаларын бұғаттауға келісті

Сурет: pexels
ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек балалардың есірткі қылмысына араласу қаупін азайту үшін қандай жұмыс атқарылып жатқанын айтып берді. Оның айтуынша, ел билігі OLX компаниясымен есірткі курьерлерін жалдау туралы хабарландыруларды бұғаттау туралы келісімге келген.

Шұғыла Тұрлыбек кәмелетке толмағандар мен жастар есірткі таратып жүрген жерінен көп ұсталып жатқанын айтты. Оның сөзінше, мұндай қылмыстар ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланады. Дегенмен ол есірткі курьерлерін жалдау үшін электронды коммерция платформалары пайдаланылатынын айтты.


"Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов былтырмен салыстырғанда бұғатталған есірткі сайттарының саны екі есе артқанын атап өтті. Бірақ мұндағы басты міндет – мұндай сайттарды анықтау ғана емес, сонымен қатар оларды бұғаттау ұтқырлығы. "Қазірдің өзінде Қазақстандағы OLX өкілдігімен тиісті келісімге қол жеткіздік. Қазақстанда әлеуметтік желілердің өкілдігін ашу бойынша келіссөз жүргізіліп жатыр, - деді Шұғыла Тұрлыбек.

Бұған дейін ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті Киберқылмыспен күрес орталығы бастығының орынбасары Рүстем Дүйсетаев алаяқтар азаматтарды заңсыз схемасына қалай тартып жатқаны туралы айтқан еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда жекеменшік мектептер үшін жаңа мемлекеттік тапсырыс жүйесі іске қосылды