Шымкентте 1268 адам көлік айдауға қарсы көрсетілімі болса да, автомобиль тізгіндеген

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Шымкентте 1268 адам жүргізуші куәлігінен айырылмақ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шымкент қаласының прокуратурасы көлік жүргізуге медицина жағынан қарсы көрсетілімі бар 1268 адамды анықтады. Олардың көбі психоактивті заттарды қолдану және жүйке жүйесі аурулары бойынша диспансерлік есепте тұрады.

2022-2023 жылдары олар 1300-ден астам жол қозғалысы ережесін бұзып, 28 жол-көлік оқиғасын жасаған. Көліктер зақымданып, салдарынан зардап шеккендерге материалдық шығын келтірген.

"Аталған тұлғалардың жүргізуші куәлігін иеленуі заң талаптарына қайшы келуіне байланысты, прокуратураның актісі бойынша сот шешімімен 37 тұлға көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Қалған тұлғаларға қатысты тиісті шаралар қолданылып жатыр".Шымкент қаласының прокуратурасы
Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жалпыға бірдей декларация: 2025 жылы декларацияны кім тапсырады

Алаяқтар қазақстандықтарды қалай алдайды – ең көп таралған айла-тәсілдер аталды

Қазақстанда гуманоид роботтар өндірісі бір жолға қойылады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Эфирде боғауыз сөз бен әдепсіз ән айтқан екі блогер жазаланды