Жетісу облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Сурет: polisia.kz
Жетісу облысының аумағында жол апаты болды, салдарынан бір адам қаза тауып, екі адам жарақат алды. Бұл жөнінде 2023 жылғы 7 қарашада облыстық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы Кербұлақ ауданындағы Сарыөзек – Көктал тас жолының 93 шақырымында болған.

"21 жастағы Toyota Camry жүргізушісі рөлді басқара алмай, көлік аударылған. Оқиға орнында 35 жастағы жолаушы әйел қаза тапты. Тағы екі адам түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жатқызылды".Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі

Сурет: Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі

Полицейлер бұл факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары басталғанын қоса айтты.

Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

30 қазандағы доллар, еуро және рубль бағамы: үш қаладағы айырбас курсы

Енді қазақстандықтар бес елде QR-код арқылы төлем жасай алады

Конституциялық сот тұрғын үй төлемдерін қайта алуға тыйым салуды заңды деп таныды

"Қар жауып, көктайғақ болады". Еліміз бойынша 31 қазанға арналған ауа райы болжамы

"Күндіз жылы, түнде суық болады". Алматы қаласы бойынша алдағы аптаға арналған ауа райы болжамы