Полиция мен ҰҚК қызметкерлері ауқымды операция жүргізді

Сурет: Zakon.kz
Жетісу облысында браконьерлер тобын залалсыздандыру бойынша ауқымды арнайы операция өтті. Бұл жөнінде 2023 жылғы 10 қарашада ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ІІМ таратқан ақпарат бойынша, Жетісу облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен Балқаш көлінде заңсыз балық аулап, оны сатумен айналысқан қылмыстық топтың жолын кесті.

"Топтың құрамына Сарқан ауданы мен Талдықорған қаласының тұрғындарынан тұратын 30-дан астам адам кірген. Олардың әрбірінің өз рөлі болған: ұйымдастырушылар, браконьерлер, тасымалдаушылар және сатып алушылар", – делінген хабарламада.

Шамамен 20 тінту іс-шарасы жүргізілді:

Келтірілген шығын шамамен 270 млн теңгеден асады.

"Жедел-тергеу іс-шараларының нәтижелері бойынша қылмыстық топтың барлық қатысушысы полицияға жеткізіліп, олардың төртеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды". ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс

Оның сөзінше, адамдар тобының ірі көлемде шығын келтіре отырып, заңсыз балық аулау мен қару сақтау фактілері бойынша тергеуді Жетісу облысы полиция департаментінің тергеу басқармасы жүргізуіп жатыр.


ҰҚК

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Алматы, Астана, Шымкент: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Qazaqstan Barysy-2026 супертурнирінің ширек финалына шыққан балуандар анықталды

Тоқаев мәдениет саласында стипендиялар тағайындады

Грек-рим күресінен Германиядағы Гран-при турнирі: Қазақстан алты алтын медаль ұтып алды