ІІМ азаматтарды табиғатты қорғау заңнамасын сақтауға шақырды

Жыл басынан бері ағаштарды заңсыз кесу бойынша 100 қылмыстық іс қозғалған. Ал ағаштарды заңсыз кесу және тағы да басқа құқық бұзушылық фактілеріне куә болсаңыз, 102 нөміріне хабарласу керек. ҚР ІІМ азаматтарды табиғатты қорғау заңнамасын сақтауға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ азаматтарды табиғатты қорғау заңнамасын сақтауға және табиғатқа ұқыпты қарауға шақырды.

Елімізде жыл басынан бері полиция қызметкерлері ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау бойынша 100-ге жуық қылмыстық іс қозғады. Әкімшілік жауапкершілікке 119 адам тартылды, 9,5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Заңсыз кесілген 600 текше метрден астам ағаш тәркіленді. Ағаштарды заңсыз кесу фактілері көбіне Алматы, ШҚО және Абай облысында тіркелген.

Аталған фактілерге қатысты "Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полицейлер қомақты залал келтіру мен табиғи ресурстардың жойылуына байланысты осы бағыт бойынша қосымша күштер мен құралдарды тарта отырып, "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр. Операция барысында тәртіп сақшылары қоршаған ортаны қорғау органдарымен бірлесіп, ерекше қорғалатын аумақтарды, қорықтар мен ұлттық парктерді тексереді.

"Еске салайық, ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. ӘҚБтК-нің 381-1-бабы бойынша санкция 50 АЕК-тен 150 АЕК-ке дейінгі айыппұлды көздейді. Ал елеулі залал келтірілген кезде ҚК-нің 340-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалады, ол 160 АЕК-тен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді, – деді ҚР ІІМ ӘПК ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Төлеубай Мұхамадиев.

ІІМ азаматтарды табиғатты қорғау заңнамасын сақтауға және табиғатқа ұқыпты қарауға шақырды.

"Егер сіз ағаштарды заңсыз кесу және тағы да басқа құқық бұзушылық фактілеріне куә болсаңыз, дереу 102 арнасына хабарлауды сұраймыз", - деп қосты министрлік.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты