ІІМ "Полицейлер жаңа қақпаға ақша жинап жатыр" деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді

Сурет: Zakon.kz
Әлеуметтік желіде Жетісу облысы Панфилов аудандық Полиция бөлімі бастығының тапсырмасымен полицейлер жаңа қақпаға ақша жинап жатыр деген аудиожазба пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция бұл аудиоға қатысты түсініктеме берді.

"Осы факті бойынша бұған дейін ішкі қауіпсіздік басқармасы қызметкерлерінің бастамасымен қызметтік тексеріс жүргізілді. Тексеріс қорытындысы бойынша Панфилов аудандық полиция бөлімінің бастығы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады Жетісу облысы Полиция департаменті.

Ведомствода жаңа мән-жайлар анықталған жағдайда кінәліге қолданыстағы заңнамаға сай тиісті шаралар қолданылатыны айтылған.

Бұған дейін Жетісу облысы Полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов "қыз зорлау" туралы даудан кейін қызметінен босатылғаны белгілі болған. 13 қарашада әлеуметтік желілерде Талдықорған қалалық полиция басқармасының бастығы Марат Күштібаевтың 27 жастағы қызды зорлады деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада қар жауып, түнде −5°C-қа дейін суытады: Алматы мен Шымкентте ауа райы қандай болады

Астана әуежайында жолаушыларды биометрия арқылы сәйкестендіру жүйесі енгізілмек

Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын қашан жариялайтынын айтты

Қазақстанда қайырымдылықтың бірыңғай цифрлық ресурсы құрылады

Threads арқылы концерт билеттерін сатқан: астаналық жігіт алаяқтық жасады деген күдікке ілінді