Алматы прокуратурасы: "Артспорт" бағдарламасын іске асыру барысында ірі заң бұзушылықтарға жол берілген

"Артспорт" бағдарламасын іске асыру кезінде қаражатты ұрлау, бюджет тапшылығы және сапасыз қызметтер көрсету сияқты жаппай бұзушылыққа әкеп соққан жүйелі кемшіліктер кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қадағалаушы органның 2023 жылғы 16 қараша күні таратқан мәліметіне сүйенсек, Алматы облысының прокуратурасы жеткізушілер бірінің тарапынан бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.

"Жүйенің кемшілігі футбол клубының директорына орындалған жұмыс актілеріне жалған мәлімет енгізуге мүмкіндік берген. Осы факті бойынша 30 мамырда аудан прокуратурасы бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша клуб директорына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады".Алматы прокуратурасының баспасөз қызметі

Прокуратураның мәліметінше, сот үкімімен жеткізуші қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

"Сонымен қатар спорт клубтары мен мәдени үйірмелердің салық заңнамасын сақтау мәселесі бойынша тексеру жүргізілді. Жекелеген жеткізушілер "Артспорт" жұмыс істеп тұрған кезеңінде ҚҚС салығын төлеушілер ретінде қойылмаған".Алматы прокуратурасының баспасөз қызметі

Прокуратура мемлекеттік кірістер департаментіне қадағалау актісін енгізді, нәтижесінде жеткізушілер 25 миллион теңге көлемінде әкімшілік жауаптылыққа тартылды, айыппұлдар төленді.


Алматы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: