Қазақстан халқының саны артуына не әсер етеді

Еңбек вице-министрі Ербол Оспанов Орталық коммуникациялар қызметінде халық санын көбейту үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

БҰҰ болжамы бойынша, 2050 жылға қарай Қазақстан халқының саны 25 миллионға жетеді. Оған әлі 26 жыл бар. Журналистер осы деректі келітер отыра, үкімет халық санын көбейту үшін не істеп жатқанын сұрады.

Орталық коммуникациялар қызметінде Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары Мақсат Тұрлыбаев халық саны бойынша ұзақ мерзімді болжамдар жасалмағанын айтты.

"Қысқа мерзімді болжамдарға келсек, 2027 жылы халық саны 21 миллион адамға жетуі мүмкін. Алайда 2050 жылға қарай біз халық саны қаншаға жететінін де есептейміз", - деп сендірді ол.

Еңбек вице-министрі Ербол Оспанов халық санын көбейту үшін не істеп жатқанын айтты.

"Демографиялық болжам жасап жатырмыз. Түрлі әдіс қолданылады. Мысалы, көші-қон, туу процесі. 2021 жылы туу көрсеткіші күрт өседі деп кім ойлаған. Ал бұған коронавирус пандемиясы тікелей әсер етті. Егер 10 жыл бұрын жылына 250-260 мың бала дүниеге келсе, кейінірек олардың саны 300 мыңға жетті. Ал пандемия кезінде 460-470 мың бала дүниеге келді. Осындай сыртқы факторлар болжамға әсер етуі мүмкін", - деді ол.

Оның сөзінше, осы және басқа факторларды демографиялық болжамдар жасағанда да ескеру қажет.

"Халық санының өсуі жеке адамның және отбасының әл-ауқатына байланысты. Адамдардың әлеуметтік жағдайы жақсара түскенде дүниеге келетін балалар саны да көбейеді. Ата-анасының тұрақты жұмыс орны бар болуы, балабақша, мектептер жеткілікті болуы, әлеуметтік төлемдермен қамтамасыз ету мәселелері де әсер етеді", - деді вице-министр.
Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: