Ақтауда қатты дауыл соқты

Сурет: primeminister.kz
21 қарашада Ақтауда дауыл соғып, желдің жылдамдығы секундына 30 метрге дейін жетті. Қала тұрғындары табиғи апаттың салдарын видеоға түсіріп алды. Мысалы, дауыл салдарынан пирс бұзылып, Каспий теңізіне түсіп кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтауда ауа райының қолайсыздығынан пирс (екі жағынан да кемелер келіп тоқтау үшін жағадан суға қарай сұғындыра салынған құрылғы) сынып, жартылай су астында қалды. Оқиғаның салдарын куәгерлер видеоға түсіріп алған. Бұл туралы Lada.kz жазды.

Бейнеу ауданы, Боранқұл ауылында қатты жел екі үйдің шатырын жұлып кеткенін облыстық Төтенше жағдайлар қызметінің баспасөз қызметі хабарлады. Ауа райынан зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Ал департаменттің құтқарушылары тұрғындардан сақ болуды сұрады. Өңірде қолайсыз ауа райы 22 қарашаға дейін сақталады. Кей жерлерде жел секундына 30 метрге дейін күшейеді деп болжанды.

20 қарашада Солтүстік Қазақстанда үшінші тәулік бойы қатты боранның салдары жойылғаны хабарланды. Онда ауа райының қолайсыздығынан 150 ауыл жарықсыз қалды. Ақмола облысында да жағдай осындай, ол жерде де су мұнарасы құлаған. Павлодар мен Қарағанды ​​облыстарының қалалары мен ауылдарында төтенше жағдай режимі енгізіліп жатыр.

Қазақстан
Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда самокаттарға тротуармен жүруге тыйым салынады

Қазақстандағы лудомандар саны 700 мың адамға дейін жетті

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

"Қазақстанда 1 млн адам лудоман" деген ақпаратты Туризм министрлігі жоққа шығарды

Елордада жеткізу қызметін пайдаланып алаяқтық жасаған азамат ұсталды