Бір айда 17 рет ереже бұзған: Астана полициясы төленбеген айыппұлдары бар жүргізушілерді тоқтатты

Сурет: ҚР ІІМ
Қауіпсіз қоғам құруға бағытталған "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында елордада екі күн ішінде әкімшілік айыппұлдар бойынша берешегі бар 11 көлік құралы коммуналдық тұраққа қойылды.

Операция барысында полиция қызметкерлері Mercedes-Benz автокөлігін тоқтатты. Шетелдік көлік жүргізушісі бір айда 17 рет жол жүрісі қағидасын бұзған.

Оған шамамен 190 мың теңгеге айыппұл салынған. Көрші мемлекетте тіркелген Toyota автокөлігінің жүргізушісі қыркүйек айынан бастап 13 әкімшілік құқық бұзушылық жасаған. Ер адамда шамамен 150 мың теңге төленбеген айыппұл бар.

Осы құқық бұзушылықтар бойынша автокөлік иелеріне берешегі туралы хабарланды. Көлік құралдары коммуналдық айыппұл тұрағына қамалды. Астана полициясы жүргізушілерді жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға шақырады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы