Талдықорғандағы колледждердің біріндегі буллинг фактісін полицейлер тексеріп жатыр

Сурет: pxhere
Полицейлер Талдықорғандағы колледждердің бірінде студенттер арасында булиинг болғанын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс материалдары бойынша, жәбірленуші 16 жастағы студенттен жасы үлкен екі курстасы ақша бопсалаған. Қысымнан шаршаған студент тіпті сабаққа қатысудан бас тартқан.

"Буллинг фактісін ювеналды полиция инспекторы анықтады.Кейін Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел қызметкерлері екі күдіктіні де анықтады.Оқиғаға қатысты ҚР ҚК 194-бабының 2-бөлігі (Бопсалау) бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады Жетісу облысының полиция департаменті.

Полиция сіздің де балаңыз буллинг пен кибербуллингке тап болған жағдайда, мамандармен кеңесіп, ювеналдық полицияға хабарлау керек екенін ескертті (байланыс телефоны: +7 747 697 22 13).

Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды