Көкшетау маңында жантүршігерлік жол апаты болды
Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 20 қазанда "Көкшетау – Атбасар" автожолында, Көкшетау қаласының саяжайлар маңында екі жеңіл көлік соқтығысып, 36 жастағы әйел зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел-құтқару жасағының бөлімшелері шұғыл жетті. Құтқарушылар арнайы авариялық-құтқару құралдарының көмегімен көліктердің бірінің есігін ашты.
Зардап шеккен әйел көліктен шығарылып, жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.
Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды сақтық шараларын сақтауға шақырады. Төтенше жағдай туындаса, 112 нөміріне хабарласу қажет.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript