Қазақстанның бес облысында -3 градусқа дейін аяз болады
Фото: Zakon.kz
Қазақстанда 2026 жылғы 21 қазан, сәрсенбі күні елдің шығысында жауын-шашын жауып, көктайғақ болып, боран соғады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің мәліметінше, циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен республиканың шығыс жартысында ауа райы тұрақсыз болады.
"Шығыста қалың қар жауады, ал солтүстік пен шығыста бұрқасын соғады", – делінген "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қазақстанның қалған бөлігінде антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашын болмайды.
Сонымен қатар республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі.
Бұдан бөлек, түнде Жамбыл облысының батысы мен шығысында, Алматы және Түркістан облыстарының солтүстігінде, Қызылорда облысының батысы мен солтүстігінде, сондай-ақ Жетісу облысының солтүстігінде ауа температурасы -1…-3 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript