Аталған отбасы бұрыннан жағдайы нашар ретінде есепте тұрғанымен, соңғы алты жылдан бері назардан тыс қалған. Анасы араққа салынған үйде тіпті тамақ ішетін үстел де болмаған. Олардың жайын білген бір шенеунік жоқ. Бүгін осы мәселеге қатысты арнайы жиын өткізіп, ашуға мінген әкім өзінің әлеуметтік салаға жауапты орынбасары, Екібастұз қаласы әкімі мен орынбасары, облыстық білім беру және әлеуметтік қорғау басқармаларының басшыларына қатаң сөгіс берді. Ал сол ауылдың әкімін жұмыстан шығару туралы ұсыныс жасады, деп хабарлайды КТК.
Айта кетсек, 17 қарашада жоғалды делінген қаршадай қызды 3000-ден аса адам іздеген. Тікұшақ пен сүңгуірлер де іске қосылды. Үш күн өткеннен кейін қыздың денесі үйдің маңында көмілгені анықталған. Қылмысқа күдікті ретінде Милананың анасы мен оның көңілдесі қамауға алынды.
"Әр мемлекеттік органның басшысы басшы болғаннан кейін жауапты болуы керек. Өзінің сұрағына ие болуы керек. Өзінің саласына ие болмаған басшы, әрине, ертеңгі күні қалай да осындай бір зиян әкеледі. Сондықтан біздің басты мақсатымыз — балалардың құқығын қорғау". Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов