Алаяқ Ақтөбе ӘКК басшыларының үстінен қозғалған қылмыстық істі тоқтату үшін 100 миллион теңге сұраған

Ақтөбе ӘКК басшыларына қатысты қылмыстық істі тоқтату үшін 100 миллион теңге сұраған азаматтың соты болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соттың анықтауынша, сотталушы таныс адамдарынан Ақтөбе Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы басшыларына қатысты қылмыстық істер қозғалғанын және Ермек Имантаевтың осы мәселеге алаңдап жүргенін естіген.

"Ол қылмыстық істі тоқтатуға жәрдемдесе аламын деген сылтаумен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте таныстары бар екенін айтып, олардың көмегі үшін 100 млн теңге көлемінде ақшалай сыйақы сұрайды", – делінген сот хабарламасында.

2019-2021 жылдары аралығында "Ақтөбе Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған Имантаев оның ұсынысына келісіп, оған жалпы соммасы 229 537 993 теңге берген, оның ішінде ЖШС жарғылық капиталындағы 70% үлесі де бар.

Сотталушы қаражыны өзі иемденіп алып, оны өз қалауы бойынша жұмсаған, Имантаевқа көмектесуді ойламаған.

Сот оны ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлігі 2-тармағымен кінәлі деп танып, оған 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыра отырып, ЖШС жарғылық капиталындағы үлесінің 70% мемлекет пайдасына тәркілену жазасын тағайындады.

Сот іс бойынша талап қойылмағанын, үкім заңды күшіне енбегенін мәлімдеді. 



Ақтөбе
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: