СҚО-ның төрт ауылында малдан бруцеллез анықталып, шектеу шаралары енгізілді

Сурет: Zakon.kz
Тұғыржап, Үлгілі, Ленинское және Плоское ауылдарында малдан бруцеллез шықты. Бұл Солтүстік Қазақстан облысына қарасты елдімекендер. Қазір төрт ауылда да шектеу енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған елдімекендерде мал союға, ет және сүт өнімдерін сатуға қатаң тыйым салынды. Ветеринарлар облыс бойынша үй жануарларын тексеруге кірісті. Жұқпалы ауру тарап кетпеуі үшін, 20 күн сайын малдан сынама алынады. Жалпы аймақта санитарлық сойысқа түскен түлік үшін 22,6 миллион теңге өтемақы төленген. Яғни жыл басынан бері 223 ірі қарадан осы ауру анықталған, деп хабарлайды "Хабар 24".

"Соңғы дерек 13 қарашада тіркелді. Шаруа қожалығында бес ірі қарадан бруцеллез анықталды. Қазіргі уақытта ол ауылда шектеу шаралары енгізілді. Ауру мал бірден сою алаңына жіберілді. Оны қолдануға болмайды. Ол өңделеді". Облыстық ветеринария басқармасының баспасөз хатшысы Аманжол Нұртазин
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Елімізде жаңбыр, қар жауып, -6 градусқа дейін аяз болады

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – онлайн-трансляция

Мәні де, мазмұны да айрықша – Президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялады

Тоқаевтың "Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері" жолдауы: толық мәтін

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі