Қарағанды облысы полиция департаментінің қызметкері ұрлық жасады деген күдікке ілінді

Сурет: Zakon.kz
Ішкі істер министрлігі Қарағанды облысы полиция департаментінің қызметкері Рустам Күлкеевке іздеу салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық полиция департаментінің тергеу басқармасының бұрынғы бастығы ұрлық жасады және қызметін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді, деп мәлімдеді КТК арнасы.

Рустам Күлкеев 2021 жылы Тергеу басқармасын басқарып тұрған тұсында қызметтік өкілеттігін пайдаланып, айғақ ретінде алынған майнинг құрылғыларын қолды қылған деп айыпталуда. Арнаның мәліметінше, оған басқарманың тағы бір тергеушісі көмектескен.

Ол айғақтарды қолды қылу ісінде күдікті ретінде тергеу әрекеттерін жүргізуге келмей қалған. Үйінде де жоқ болып шықты. Жақын арада тергеуге бармаса, оған халықаралық іздеу жариялануы мүмкін.

Күлкеев соңғы жұмыс орны Саран қаласы полиция бөлімі бастығы қызметінен екі ай бұрын босатылған.

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ЦентрКредит Банкі балаларға арналған қаржы сауаттылығы жайлы кітапты клиенттерге тарту етті

Тоқаев: Конституцияны бұзатын әрекеттерге "Заң мен Тәртіп" қағидатына сәйкес тосқауыл қойылады

Қазақстанның үш туристік нысаны әлемдегі үздік 100 орынның қатарына енді

Президент 24 қарашаға дейін жемқорлықты күрт азайту жөніндегі шараларды ұсынуды тапсырды

Алматы метросындағы жанжал: екі жолаушы жауапқа тартылды