Анасы мен өгей әкесі 7 жасар қызды ұрып тастаған

Сурет: unsplash
СҚО Полиция департаменті 7 жасар қызын ұрып тастаған анасы мен өгей әкесіне қатысты іс қозғады.

23 қараша күні сағат 17.00 шамасында Петропавл қаласы полиция басқармасының бірінші полиция бөліміне облыс орталығындағы орта мектептердің бірінің медицина қызметкері 7 жасар 2-сынып оқушысын ұрып-соғу фактісін анықтағаны туралы хабарлама берген.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабының 1-бөлігі "Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру" бойынша Петропавл қаласы полиция басқармасында Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Қыз бала болса, облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Кейіннен кәмелетке толмаған балаға 26 жастағы анасы мен 33 жастағы өгей әкесі зақым келтіргені анықталды. Олар өз кінәсын мойындап отыр. Мұндай жағдайға олар баланың тіл алмауы себеп болды деп түсіндірді.

"Істің барлық мән-жайын зерделеуге бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Нәтижесінде түпкілікті процестік шешім қабылданады", - делінген СҚО Полиция департаменті хабарламасында.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады