Оралда жасөспірімдерді қорқытып, ақша бопсалаған студенттер ұсталды

Сурет: видеодан скриншот
Батыс Қазақстан облысында полицейлер студенттер мен кәмелетке толмағандарды бопсалады деген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Орал қаласының барлық оқу орындарында Komek Stop Bulling ZKO қосымшасы орнатылып, қорқыту мен бопсалау фактілері анықталып жатыр. Сол арқылы студенттер көмек сұрай алады.

"Бөрлі ауданында 23 қарашада кәмелетке толмаған баланы қорқытып, күш қолдану арқылы ақша бопсалаған 2007 және 2008 жылы туған екі колледж студенті ұсталды. Олар УҰИ-ға қамалды. Сондай-ақ Орал қаласындағы колледждердің бірінің студенттері де 500 мың теңге ақша бопсалағаны үшін ұсталды".БҚО ПД баспасөз қызметі

Ведомство ҚР ҚК 194-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын мәлімдеді.

Бұл баптың санкциясы 4 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды және бір топ тұлғаларға 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды