Жетісу облысында мал саны жөнінде жалған мәлімет берген әкімдер жауапқа тартылды

Сурет: Zakon.kz
Жетісу облысында сегіз әкім жеке сектордағы шаруа қожалықтарының мал санын арттырып көрсеткен. Бұл жөнінде облыстық прокуратура мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қадағалаушы орган таратқан ақпаратқа сүйенсек, Кербұлақ ауданының ауылдық округтерінің 8 әкімі статистикалық есептерде жеке сектордағы шаруа қожалықтарының мал санын жасанды түрде арттырған. Салдарынан 75 мың гектарға жайылымдық жерлерге деген қажеттіліктің нақты көрінісі бұрмаланған.

"Әкімдер тіркеулер мен статистикалық деректерді бұрмалағаны ӘҚБтК 499-бабының 1-бөлігі (әкімшілік көздің мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға анық емес әкімшілік деректерді ұсынуы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – делінген Жетісу облыстық прокуратурасының хабарламасында.

Ведомство прокурорлық қадағалау актісін қарау шегінде аудан әкімдігі жайылымдарды басқару жөніндегі бұрын бекітілген Жоспарды қайта қарау бойынша жұмысын бастағанын атап өтті.

Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Биылдан бастап 10, 20 жылдық көліктерге салық 30%-ға азаяды

Қазақстандағы сайттардың үштен бірі соңғы 2 жылда пайда болған — Қазнет күніне орай Yandex Qazaqstan зерттеуі