Алматы әкімдігі жерлеуді ұйымдастыруға және қаза тапқандардың денесін тасымалдауға көмектеседі

Сурет: Zakon.kz
Алматы әкімдігі өрттен зардап шеккендер мен эвакуацияланғандарды қолдайтынын хабарлады. Жедел түрде уақытша баспана берілді, тамақтану ұйымдастырылды, қажет медицина және психологиялық көмек толық көлемде көрсетіледі.

Қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша әкімдік қаза тапқандардың денсін көрсетілген жерлерге, оның ішінде еліміздің басқа өңірлеріне тасымалдауға жәрдемдеспек.

"Бұдан басқа, жерлеу процесін қоса алғанда, Алматы қаласының аумағында жерлеуді ұйымдастыруға жәрдем толық көрсетіледі. Жерлеуді ұйымдастыру мәселелері бойынша қаза тапқандардың туыстары мына байланыс нөмірлеріне жүгіне алады: + 7 707 779 07 08, +7 777 312 08 08". Алматы қаласы әкімдігі

Алматы әкімдігі өрт салдарынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтты.

Алматыда 30 қараша күні таңертең ертемен Әди Шәріпов көшесінде орналасқан хостел өртенді. Өрт салдарынан 13 адам қаза тапты.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы екі адам Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жеткізілгенін хабарлады. Науқастың бірі көмірқышқыл газымен улану диагнозымен ауруханаға жатқызылды, жағдайы орташа ауырлықта, тұрақты. Екінші науқас барлық тексеруден кейін ұсыныстармен амбулаторлық емдеуге жіберілген.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты