Андрей Лаврентьев "АрселорМиттал Теміртаудың" жаңа инвесторы атанды

Үкіметте өткен брифингте Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев "АрселорМиттал Теміртаудың" жаңа инвесторы қазақстандық кәсіпкер Андрей Лаврентьев болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алдымен "АрселорМиттал Теміртау" мемлекетке, кейін жеке инвесторға берілді.
"Жаңа инвестор – Allur компаниялар тобы, Андрей Лаврентьев. Олар иелік ету құқығына бер-екі күнде ие болады". Қанат Шарлапаев
Ол мәмілені іске асыруға бюджеттен бір теңге жұмсалмағанын атап өтті.
"Жаңа инвестор АМТ-ның қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді міндеттемелерін шешу, жеткізушілермен, қызметкерлермен жұмыс істеу бойынша барлық міндеттемелерді өз мойнына алады, яғни барлық міндеттемелер жаңа инвесторға беріледі". Қанат Шарлапаев

Қазақстан Үкіметі мен ArcelorMittal арасындағы ArcelorMittal Temirtau және ArcelorMittal Tubular Products Aktau-ды беру жөніндегі келіссөздер аяқталды.


Үкімет "АрселорМиттал Теміртаудың" меншік құқығы Қазақстанға берілетіні жөнінде шахталардың біріндегі кезекті апат кезінде мәлімдеді. 2023 жылғы 28 қазанға қараған түні Қарағанды ​​облысындағы Костенко атындағы шахтада жарылыс болды. Апат кезінде шахтада 252 адам болған, 206 кенші сыртқа шығып үлгерген. Жер астында қалып қойған 46 кеншінің бәрі қаза тапты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаза болған кеншілердің отбасына көңіл айтып, Үкіметке "АрселорМитталТеміртау" компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды.


Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: