Жаңалықтар тізбегі
0

АМТ Қазақстаннан кетеді: Үкімет мәлімдеме жасады

АМТ Қазақстаннан кетеді, үкімет мәлімдеме жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.12.2023 12:11 Сурет: wikimedia
Қазақстан Үкіметі мен ArcelorMittal арасындағы ArcelorMittal Temirtau және ArcelorMittal Tubular Products Aktau-ды беру жөніндегі келіссөздер аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жөнінде 2023 жылғы 8 желтоқсанда ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

"Қазақстан Үкіметі мен ArcelorMittal халықаралық компаниясы қазақстандық Мемлекеттік тікелей инвестициялар қорының ArcelorMittal Temirtau JSC және ArcelorMittal Tubular Products Aktau JSC металлургиялық кәсіпорындарының барлық акцияларын "Qazaqstan Investment Corporation"АҚ (QIC) сатып алуы туралы келіссөздерді сәтті аяқтады. Бұл мәміле осы кәсіпорындардың болашағы мен олардың тұрақты дамуы үшін өте маңызды", – делінген хабарламада.

Келісімшартқа сәйкес, QIC ребрендингке ие болатын және жаңа атау алатын осы кәсіпорындардың қызметі үшін толық басқару мен жауапкершілікті өз мойнына алды. 1995 жылдан бері осы активтерге иелік еткен ArcelorMittal Қазақстанда металлургия және тау-кен өндіру салаларының дамуына айтарлықтай ықпал етті.

"Кәсіпорынның жаңа иесі – Қазақстан Үкіметі осы кәсіпорындардың бизнес-процестерінің сақталуы мен тиімділігін жақсарту бойынша ғана емес, сонымен қатар олардың тұрақты жұмысы мен инновацияларды енгізуді барынша қамтамасыз етуге ұмтылып жатыр".ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі

Мәміле құны 286 миллион доллар болды, бұл ArcelorMittal меншікті капиталының 800 миллион долларға төмендеуіне әкелді. ArcelorMittal басшылығы қызметкерлерге соңғы 28 жылдағы үлесі мен жетістіктері үшін алғыс білдіріп, Қазақстанда өткізілген уақыттың маңызын атап өтті.

"ArcelorMittal сонымен қатар Қарағанды облысының денсаулық сақтау және білім беру саласындағы жобаларды қолдауға, оның ішінде Теміртау қаласын дамытуға бағытталған "Қазақстан халқына" қайырымдылық қорына 16 миллиард теңге бөлді".ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі

Үкімет "АрселорМиттал Теміртаудың" меншік құқығы Қазақстанға берілетіні жөнінде шахталардың біріндегі кезекті апат кезінде мәлімдеді. 2023 жылғы 28 қазанға қараған түні Қарағанды ​​облысындағы Костенко атындағы шахтада жарылыс болды. Апат кезінде шахтада 252 адам болған, 206 кенші сыртқа шығып үлгерген. Жер астында қалып қойған 46 кеншінің бәрі қаза тапты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаза болған кеншілердің отбасына көңіл айтып, Үкіметке "АрселорМитталТеміртау" компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: