Қостанайда іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды. Жарылыс кезінде үш адам мерт болған

Сурет: Қостанай қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қостанай қаласында Амангелді тұрғын үй алабында 11 желтоқсанда сағат 12:36-да жарылыс болды. Төтеншеліктер үйінді астында қалып кеткен 12 адамды құқарды. Өкінішке қарай, төтенше жағдай кезінде үш адамның мерт болғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іздеу-құтқару жұмыстарының нәтижесінде 12 адам құтқарылды. Өкінішке қарай, үш адамды құтқару мүмкін болмады, деп жазады "Алау" басылымы жергілікті төтеншеліктерге сілтеме жасай отырып.

Сондай-ақ облыстық ауруханаға төрт адам, қалалық ауруханаға 6 адам жеткізілді. Медициналық көмекке бір адам өз бетінше жүгінді, тағы бір адам ауруханаға жатудан бас тартты. Зардап шеккендердің барлығына қажетті медициналық қызметтер кешені көрсетілуде. 

Алдын ала келтірілген мәлімет бойынша, 7 жеңіл және 5 ауыр жүк техникасы, сондай-ақ жақын маңдағы 12 жеке үй құрылыстарына зақым келген. 

Қостанай қалалық полиция басқармасы ҚР ҚК 292-бабы 3-бөлігі, "Абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеліп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.


Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ІІМ 17 тонна жанар-жағармайдың заңсыз шығарылуына тосқауыл қойды

21 маусымда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты матчтарының Қазақстан уақыты бойынша кестесі жарияланды

Қазақстанда әкелер күні аталып өтіліп жатыр

Қазақстанда бүгін Әкелер күні тойланады