ШҚО-да аяз күшіне мініп, өзендерде мұз жару жұмыстары басталды

Сурет: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында құбылмалы ауа райына байланысты мұзды жару жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған болжамға сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының аумағында желтоқсанның екінші жартысында ауа райы жағдайларының жиі өзгеруі күтіледі. Қалың қар, боран, аяз болады деп болжанады. 

Су объектілерінде мұз жамылғысының пайда болу процесі күрт басталды. Мұз басып, өзендегі қысымның әсерінен су тасу қаупі, ағын жолдарда кептелістер туындауы мүмкін.

Тұрғын үйлерді су басу фактілеріне жол бермеу шеңберінде жергілікті атқарушы органдар Шығыс Қазақстан облысының ТЖД-мен бірлесіп су өткізу құрылыстарын, ағындарды мұз кесектерінен тазарту және басқа да алдын алу  бойынша бірқатар іс-шаралар өткізеді.

2023 жылы 12 желтоқсанда Глубокое ауданындағы Горная Улбинка ауылында пайда болған мұз кептелісін жою бойынша профилактикалық жарылыс жұмыстары ұйымдастырылды, ол температуралық фонның күрт төмендеуі нәтижесінде пайда болды. Бұзылған мұз алаңы 1000 шаршы метрден асады.

Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды