Түркістандық тәртіп сақшысы қар борап жатқан жол үстінен жүргізушілерге видео үндеу жолдады

Сурет: видеодан алынды
Боран мен қатты аязға байланысты Түркістан облысында 10 тас жол жабылды. Соның бірі - Алматы-Ташкент-Термез тас жолы үстінен түсірілген видео желіде жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"12 желтоқсан. "Алматы-Ташкент-Термез" тас жолы, Түлкібас ауданы. Тараз-Алматы бағытына қарай жол жабық. Жолға шықпаңыздар! Өздеріңіз көріп тұрғандай, боран соғып, қар ұшқындап жатыр, айналаның көріну деңгейі - 0", - дейді видеодағы полицей.


Айта кетсек, Түлкібас ауданынан кесіп өтетін Шымкент – Тараз бағытындағы Алматы – Ташкент – Термез автожолының 601-шақырымындағы Шақпақ ауылының маңы мен осы автожолдың 654-шақырымындағы Машат асуы полицейлермен жабылып, екі блокбекет қойылды.

Сондай-ақ Бәйдібек ауданындағы облыстық маңызы бар Шаян – Ағыбет, Шаян – Ақбастау, Шаян – Мыңбұлақ, Шаян – Бірлік – Кеңестөбе автожолдары жабылып, қосымша төрт блокбекет қойылды.  

Тәртіп сақшылары боран соғып, жолдың көруі нашарлауына байланысты адасып кеткен және автокөліктің қозғалуына мүмкіндік болмай жолда тұрып қалған жолаушыларды құтқаруда.


Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев