Шамамен бір жыл бұрын құрылыс компаниясы аумақта жаңа павильон салуға уәде берген. Құрылысқа 300 кәсіпкер екі миллион теңгеден 25 миллион теңгеге дейін инвестиция салған. Бірақ ғимарат әлі тұрғызылған жоқ. Ал ақша халыққа қайтарылмаған, қолында әлі құжаты да жоқ. Бұл туралы КТК хабарлады.
Даулы мәселе бойынша істі полиция "Алаяқтық" бабы бойынша тергеп жатқан. Базардың өзінде павильонның құрылысы ақыры басталып кетті. Адамдар екі процесті де тездетуді сұрап отыр.
"Жәбірленуші деп танылғандардың барлығына бутиктер беріледі. Енді бір ай бұрын жаңа құрылыс компаниясы келді. Олар техникалық жоспар бойынша жұмыс істеп жатыр. Біз бұрынғылармен келісім-шартты бұздық. Бұл біздің мүддемізде. Бұл жерді бұрын Altyn Orda new Сompany басқарған. Ақша кәсіпкерлерден заңсыз жиналған, олардың рұқсат құжаттары болмаған", - дейді "Алтын Орда" базарының заңгері Ізбасар Өтеулин.