Ақтауда жылу құбыры жарылды. Бірнеше ықшам аудан тұрғындары жылусыз қалды

Сурет: Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақтауда 16-шы ықшам аудандағы жылу құбырының жарылуына байланысты қаланың алты ықшам ауданының кейбір үйлеріне жылу және ыстық су беру уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жылу желісіндегі ақау шыққан жерде «Каспий жылу, су арнасы» мекемесінің мамандары жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Аталған жұмыстарды Ақтау қаласының әкімі Ұлықбек Тналиев өз қадағалауына алды.

"Ақтау қаласының тұрғындары бізде 16 ықшам аудандағы жылу желісінен ақауды анықтады. Соған сәйкес, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жылу бойынша 16, 17, 18, 19, 20, 20А ықшам аудандарындағы кейбір үйлерге уақытша шектеу қойылды. "Каспий жылу, су арнасы" мекемесінің мамандары тез арада ақауды жөндеуге кірісіп жатыр", - деді қала әкімі.

Жылу мен ыстық су уақытша шектелген тұрғын үйлер:

Айта кетсек, Талғарда су жаңа тұрғын үй кешені шатырының жақтауы бүлініп, саудырап жерге құлаған.

Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін