Жаңалықтар тізбегі
0

Талғарда су жаңа тұрғын үй кешені шатырының жақтауы бүлініп, саудырап жерге құлаған

Оқыс оқиға, Талған, тұрғын үй кешені, шатыр жақтауы сынған, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.12.2023 15:51 Сурет: видеодан алынды
24 желтоқсанда әлеуметтік желіде Талғардағы жаңа тұрғын үй кешенінің шатырындағы суағар жақтауы жартылай бүлініп, жерге түсіп талқан болғанын сипаттайтын видео тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдай салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

"Үкіметтің қыруар ақшасына салынған үй. Бір жыл да болған жоқ. Масқара ғой! Егер мынау баланың басына түссе, не болар еді?"- деп сұрайды видео авторы.

Талғар қаласының тұрғындары бұл ретте шенеуніктерді жауапқа тартуға ниетті. Олар мамандар келіп, ғимараттың сапасын тексергенін қалайды. Үй жаңа, мемлекеттік тапсырыс бойынша салынған, пайдалануға берілгенінен бастап бір жыл да өтпепті. 

Өз кезегінде аудан әкімдігі қалпына келтіру жұмыстары басталып кеткенін мәлімдеді.

"Қалың қар жауып, шатырда мұз пайда болғандықтан, ғимараттың суағары мен кәрнез жақтауы ішінара сынып, құлаған. Бақытымызға орай, ешкім зардап шеккен жоқ. Ең бастысы - қауіпсіздік. Біз адамдарға құрылыс нысандары маңынан өткенде, әсіресе қыс мезгілінде мұқият болуды ескертеміз. Ауа райы жағдайлары күтпеген қауіптер тудыруы мүмкін. Аталған жағдайға байланысты айтарымыз, нысанның мердігері "Ғұн Строй Сервис" ЖШС қалпына келтіру жұмыстарына кірісті", делінген хабарламада.

Сондай-ақ, әкімдік 60 пәтерлі тұрғын үй тұрғындары күрделі жөндеу жұмыстары үшін ақы төлемейтіндерін айтты.

"Айталық, бұл тұрғын үй 2020 жылы пайдалануға берілген делік, мұндайда мердігер жөндеу жұмыстарын тегін орындайды. Түсіністік танытқаны үшін баршаға ризамыз. Көпті осындай оқиғалардан хабардар ету маңызды деп санаймыз. Мұндай ақпарат қауіпсіздікті арттыруға және ықтимал жағымсыз салдардың алдын алуға көмектеседі. Әрдайым сақ болыңыздар!"- дейді әкімдіктегілер.

Сонымен қатар, үй тұрғындары орын алған жағдайға ашулы. Бұл үйдің пәтерлері "7-20-25" бағдарламасы бойынша ипотекалық несие бойынша сатылған әрі пайдалануға беріле салысымен сыр беруі көпті қатты алаңдатады.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: