Астанада тұрғын үй өртенді

өрт, өрт сөндіруші, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.10.2022 16:18 Сурет: Zakon.kz
Өрт видеосы әлеуметтік желіде пайда болды. Кадрлардан "7 бочек" тұрғын үй кешенінің өртеніп жатқанын көруге болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 5 қазан күні сағат 13:34-те өрт сөндірушілер Сығанақ, 23 мекенжайына шықты.

Алдын ала болжам бойынша 46 шаршы метр аумақта ғимараттың жылытқышы, қаптамасы және пәтердің балконы өртке оранды.Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Өртті сөндіруге жеке құрамның 25 адамы мен бес техника жұмылдырылды.

Өрт сағат 14:08-де сөндірілді.

Ведомствоның мәліметінше, зардап шеккендер мен жарақаттанғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

6 тамызда елордада "Арыстан" тұрғын үй кешені өртенді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: