Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде ер адам терезеден оқ атты

Әлеуметтік желіде Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде ер адамның терезеден атыс қаруын атқан видеосы пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полицейлер бұл видеоға қатысты пікір білдірді.
"Осы факті бойынша Жергілікті полиция қызметінің департаменті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, оқиғаға қатысы бар тұлға анықталып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады", - делінген хабарламада.
Бұған дейін Өскеменде мас ер адам тұрғын үйдің ауласында оқ атқан. Ол кезде ешкім зардап шекпеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript